ПОДЕЛИТЬСЯ
25 сәуір 2021 | 09:27
Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар саны белгілі болды
Қазақстанда 23 науқас коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігі деректеріне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда 23 науқас коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігі деректеріне сілтеме жасап.
25 сәуірдегі мәлімет бойынша, 41 711 адам коронавирус инфекциясынан (41 203 КВИ+ және 508 КВИ-) емделіп, олардың ішінде 14 827 науқас стационарда, 26 884 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 716 адамның жағдайы ауыр;
• 181 науқастың жағдайы өте ауыр;
• 104 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
2021 жылғы 23 сәуірдегі мәлімет бойынша 86 жаңа жағдай тіркеліп, 3 жағдай өліммен аяқталған. 85 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бергі:
Науқастар саны – 52 434, өлім жағдайлары - 771. Барлығы 51 155 адам емделіп шыққан.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также