ПОДЕЛИТЬСЯ
29 желтоқсан 2023 | 12:54
Қазақстанда бірнеше ауыл атауы өзгереді
Павлодар облысында бірнеше ауыл атауы өзгереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Павлодар облысында бірнеше ауыл атауы өзгереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Жергілікті депутаттар бірауыздан дауыс берді. Павлодар облысы мәслихатының кезектен тыс сегізінші сессиясында кейбір ауылдық округтер мен ауылдардың атауын өзгерту мәселесі талқыланды.
Жоба бойынша, қазақстандық танымал музыканты Скриптонит дүниеге келген Ленинский ауылының атауы өзгереді. Ауылдың жаңа атауы – Атамекен. Сондай-ақ, депутаттар Железин ауданына қарасты Озерное ауылдық округі мен Озерное ауылына – Майлы жаңа атауын бекітті.
"Бобровский ауылдық округі - Жаңабет, Федоров ауданы және облыс орталығы – Томарлы, Вернен ауданы және Львовка ауылы Алтай деп аталмақ. Тереңкөл ауданында да Воскресен ауылдық округі мен Воскресенка - Әулиеағаш, Березовка - Аққайың, Трофимовкаға - Қоржынкөл жаңа атаулары таңдалды", - деп жазады басылым.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также