13 наурыз 2020 | 14:37

Қазақстанда бірінші коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді

© REUTERS

Қазақстанда бірінші коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақпаратты еліміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өкілдері растады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда бірінші коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақпаратты еліміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өкілдері растады.

Коронавирус бірден екі қазақстандықтан анықталған, олар Германиядан келген.

Реклама
Реклама

"Біз үш ай коронавируспен күрес жүргіздік. Барлық қажетті іс-шаралар аурудың еніп кетуіне жол бермеу үшін қолға алынды. Бүгін біз екі азаматтың сынамасынан вирус расталғаны туралы мәлімет алдық. Олар Германиядан келді, олардан коронавирус анықталды. Олар Алматыдағы стационарға орналастырылды. Бұл адамдардың клиникалық белгілері жоқ, жағдайы жақсы. Барлық қажетті шара қабылданып жатыр", - деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Еске салайық, мұның алдында бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин Қазақстанға коронавирус 11-16 наурыз аралығында келетінін айтқан болатын. 

"Біздің болжамымыз бойынша шамамен 11-16 наурыз аралығында біздің елде коронавирус таралады. Бірақ бұл болжам. 1-2 апта не ары, не бері", - деген еді Бекшин.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная