ПОДЕЛИТЬСЯ
31 мамыр 2023 | 08:51
Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?
"Қазгидромет" 31 мамырда Қазақстанның әр өңірі тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Қазгидромет" 31 мамырда Қазақстанның әр өңірі тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанада көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 31-33 градус жылы.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан секундына 2-7 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 25-27 градус жылы.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің күші 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 32-34 градус жылы.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында қысқа мерзімді жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады 9-14, күндіз солтүстікте, облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метр болады. Ауа температурасы түнде 13-18, облыстың батысы мен шығысында 10, күндіз 29-34, облыстың шығысында 26 градус жылы.
Жетісу облысының таулы аймақтарында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 9-14 м/с, шығыста екпіні 15-20 м/с, облыстың таулы аудандарының орталығында, күндіз Алакөл ауданында 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде 9-14, облыстың таулы аймақтарында 5, күндіз 25-30, облыстың таулы аймақтарында 21 градус жылы.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде аздаған жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстіктен 9-14, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 19-24, күндіз 28-33 жылы. Оралда көшпелі бұлт шығады, аздаған жаңбыр жауады, күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел 9-14, күндіз екпіні секундына 18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 21-23, күндіз 29-31 градус жылы.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде аздаған жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде құмды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан 9-14, солтүстікте, шығыста, оңтүстікте жел секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 21-26, облыстың батысында 18, күндіз 32-37, облыстың батысында 29 градус жылы.
Маңғыстау облысының солтүстік-батысында аздаған жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде құмды дауыл тұрады. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14, облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 23-28, облыстың шығысында 20, күндіз 30-35, облыстың оңтүстігінде 38 градус жылы.
Күндіз Қостанай облысының солтүстігінде аздаған жаңбыр жауады, күн күркірейді. Оңтүстіктен соққан жел 7-12, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 14-19, күндіз 31-36 градус жылы.
Павлодар облысының солтүстігінде және батысында түнде және таңертең жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 10-15, күндіз 26-31 градус жылы.
Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде қысқа мерзімді жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 7-12, облыстың оңтүстігінде 15, күндіз 23-28, облыстың оңтүстігінде 33 градус жылы.
Шығыс Қазақстан облысының шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан 9-14, күндіз солтүстікте, облыстың шығысында секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 2-7, оңтүстікте 10, күндіз 18-23, облыстың шығысында 13 жылы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также