02 маусым 2023 | 08:42

Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

"Қазгидромет" 2 маусымда Қазақстанның әр өңірі тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұрғанын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Қазгидромет" 2 маусымда Қазақстанның әр өңірі тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұрғанын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жұмада Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан түнде 2-7, күндіз секундына 5-10 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 35-37 градус жылы.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан секундына 2-7 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 27-29 градус жылы.

Реклама
Реклама

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің күші 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 34-36 градус жылы.

Күндіз Алматы облысының таулы аймақтарында аздаған өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан 9-14. Ауа температурасы түнде 11-16, облыстың таулы аймақтарында 2-7 градус жылы, күндіз 27-32, облыстың таулы аймақтарында 17-22 градус жылы.

Батыс Қазақстан облысының батыс жартысында жаңбыр жауады, облыстың солтүстігінде аздаған жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік, солтүстік-батыстан 9-14 жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 17-22, күндіз 29-34, облыстың солтүстік-батысында 26 градус жылы.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде құмды дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан 9-14 жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 20-25, облыстың батысында 17, күндіз 31-36, облыстың батысында 27 градус жылы.

Оңтүстік-шығыста, Маңғыстау облысының орталығында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан 9-14, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 18-23, облыстың батысында 15, күндіз 30-35, облыстың батысында 25 градус жылы.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан 7-12 жел соғады, батыста, облыстың солтүстігінде күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 20-25, облыстың шығысында 17 градус жылы, күндіз 34-39, облыстың оңтүстік жартысында 41 градус жылы.

Қазақстанның басқа өңірлерінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная