06 қазан 2023 | 09:02

Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

Фото: pexels.com

Қазгидромет 6 қазанда Қазақстанның әр өңірі тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазгидромет 6 қазанда Қазақстанның әр өңірі тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең жеңіл тұман. Оңтүстіктен соғатын жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 2-4 градус жылы, топырақ бетінде 1 градус аяз, күндіз 19-21 градус жылы.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 22-24 градус жылы.

Реклама
Реклама

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан соғатын желдің күші 8-13, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 20-22 градус жылы.

Күндіз Алматы облысының таулы аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Шығыстан 9-14 жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың таулы аудандарында 2-7 градус жылы, күндіз 20-25 градус жылы, облыстың таулы аудандарында 10-15 градус жылы.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жаңбыр жауады, күндіз таулы аймақтарда қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан соғатын желдің күші 8-13, облыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 12-17, облыстың таулы аймақтарында 8, күндіз 20-25, облыстың таулы аймақтарында 15 градус жылы.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 5-10, облыстың оңтүстігінде 13, күндіз 18-23 градус жылы.

Атырау облысының шығысында түнде жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Батыстан соғатын жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 8-13, күндіз 18-23 градус жылы.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауады, облыстың шығысында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең батыста, облыс орталығында тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың шығысында 7, күндіз 20-25.

Түнде батыста, солтүстікте, күндіз Ақтөбе облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 5-10, облыстың оңтүстігінде 13, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде 12 градус жылы.

Қостанай облысының батысында және солтүстігінде таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 5-10, облыстың оңтүстік-шығысында 2, күндіз 15-20 градус жылы.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аймақтарында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады 9-14, оңтүстік-батыстан, солтүстік-шығыстан, облыстың таулы аймақтарында секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 11-16, облыстың таулы аймақтарында 8, күндіз 19-24, облыстың таулы аймақтарында 16 градус жылы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная