ПОДЕЛИТЬСЯ
11 қаңтар 2024 | 09:11
Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 11 қаңтарда елдің барлық дерлік өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 11 қаңтарда елдің барлық дерлік өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында көктайғақ, жаяу бұрқасын. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Алматы облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түседі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұманды болады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батыс бағытқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундына 18-23 метрге жетеді.
Алматыда күндіз тұман түседі.
Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.
Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ, тұман, бұрқасын. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз күші 15-20, облыстың орталығында 25 м/с болады.
Астанада түнде жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады түнде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Павлодар облысында да бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-батысында тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстік-батысында көктайғақ, облыстың батысында, солтүстік-батысында бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстікке ауысып соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын. Желдің бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.
Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түседі. Облыстың батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында көктайғақ, жаяу бұрқасын, оңтүстігінде тұман. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, облыстың тау асуларында 23-28 м/с.
Шымкентте таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түсіп, көктайғақ болады. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысының оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақмола облысында бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында көп мөлшерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Ұлытау облысының түнде батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде бұрқасын. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде күші 15-20, кей уақытта екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Жамбыл облысының таулы аудандарында жауын-шашынды (жаңбыр, қар) болады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында екпіні 23-28 м/с болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также