ПОДЕЛИТЬСЯ
05 шілде 2024 | 07:59
Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 5 шілдеде еліміздің 18 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 5 шілдеде еліміздің 18 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, дауыл ойнайды. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Облыс бойынша төтенше (5 класс) өрт қаупі бар.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды, күңдіз облыстың солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жауады, дауыл ойнайды. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше (5 класс) өрт қаупі бар.
Алматы облысының және Алматының таулы аудандарында кей уақытта нөсер жаңбыр жауады. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Алматыда күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15 метрге жетеді.
Маңғыстау облысының басым бөлігінде 35-40 градусқа дейін болады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.
Астанада күндіз найзағай ойнайды.
Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың тау асуларында, күндіз солтүстігінде, таулы аудандарында күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында нөсер жаңбыр, күндіз бұршақ жауады, дауыл соғады, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.
Қостанай облысының солтүстігінде найзағай ойнайды, облыстың солтүстігінде бұршақ жауады, дауыл болады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Батыс Қазақстан облысында 35-38 градус қатты ыстық болады. Облыстың солтүстік-батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.
Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында 15-20 м/с болады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр, күндіз бұршақ жауады, дауыл ойнайды, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні секундына 23 метрге жетеді.
Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Атырау облысында күндіз 35-39 градус қатты ыстық болады.
Ақтөбе облысының батысында 37 градус ыстық сақталады.
Ақмола облысының түнде солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ жауады, дауыл ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды, бұршақ жауады, дауыл ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.
Павлодар облысының шығысында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауады. Солтүстіктен жел соғады, күші облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также