22 шілде 2024 08:15

Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

Midjourney

"Қазгидромет" РМК 22 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазгидромет" РМК 22 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктердің болжауынша, бүгін еліміздің көптеген аймағында аптап ыстық болады. Алматының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Ұлытау облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының таулы, тау бөктеріндегі аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 17-22 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық болады.

Реклама
Реклама

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады. Облыстың басым бөлігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ, дауыл болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының тауларында найзағай, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болады. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі бар. Облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.

Қостанай облысының солтүстік жартысында кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз облыстың солтүстік жартысында найзағай, бұршақ, дауыл болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысының солтүстігінде, орталығында найзағай жарқылдайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі бар.

Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық болады. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жанбыр болады. Түнде облыстың батысында найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Облыстың шығысында, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық болады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарда 15-20 м/с. 22 шілдеде облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram