04 қаңтар 2025 | 12:34

Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Синоптиктер 4 қаңтарда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер 4 қаңтарда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

4-6 қаңтарда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 5 қаңтарда облыстың таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, 4-5 қаңтарда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қаласында 4-6 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі.

4 қаңтарда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қаласында 4 қаңтарда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Реклама
Реклама

4 қаңтарда Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қаласында 4 қаңтарда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

4 қаңтарда таңертең және күндіз Атырау облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман. Атырау қаласында 4 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.

4 қаңтарда Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20, түнде кей уақытта 23 м/с күтіледі.

4 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Орал қаласында 4 қаңтарда тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

4 қаңтарда түнде Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, түнде екпіні 25 м/с.

4 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, түнде екпіні 23 м/с.
4 қаңтарда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қарағанды қаласында 4 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі.

4 қаңтарда Қызылорда облысының батысында, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Қызылорда қаласында 4 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі.

4 қаңтарда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда тұман күтіледі. Жезқазған қаласында 4 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі.

Астана қаласында 4 қаңтарда кей уақыттарда көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

4 қаңтарда Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Алматы қаласында 4 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі. Қонаев қаласында 4 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.

4 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, түнде облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 23-28 м/с. Петропавл қаласында 4 қаңтарда жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

4 қаңтарда күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. Шымкент қаласында 4 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі. Түркістан қаласында 4 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі.
4 қаңтарда Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная