Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

Фото:depositphotos.com

Сәрсенбі, 16 сәуірде Қазақстанда ауа райы әртүрлі болады: кей өңірлерде жаңбыр мен үсік күтілсе, енді бір жерлерде күн ашық болып, жылы жел соғады. Қазгидромет елдің басты қалалары бойынша ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сәрсенбі, 16 сәуірде Қазақстанда ауа райы әртүрлі болады: кей өңірлерде жаңбыр мен үсік күтілсе, енді бір жерлерде күн ашық болып, жылы жел соғады. Қазгидромет елдің басты қалалары бойынша ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана - бұлтты, түнде жаңбыр және қар түріндегі аздаған жауын-шашын болуы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, екпіні 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 0…+2, күндіз +14…+16.

Көкшетау - жауын-шашынсыз, бұлтты. Жел солтүстік-батыстан, батыстан 9-14 м/с, күндіз екпіні 23 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 0…+2, күндіз +14…+16.

Реклама
Реклама

Алматы - таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан 3-8 м/с, екпіні 20 м/с дейін. Ауа температурасы түнде +10…+12, күндіз +14…+16.

Қонаев - кей уақыттарда жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан соғады 9-14 м/с, екпіні 20 м/с дейін. Температура түнде +9…+11, күндіз +16…+18.

Талдықорған - бұлтты, жаңбыр және найзағай болуы мүмкін. Жел батыстан 7-12 м/с, екпіні 20 м/с дейін. Температура түнде +8…+10, күндіз +13…+15.

Шымкент - бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с, екпіні 20 м/с дейін. Температура түнде +11…+13, күндіз +20…+22.

Түркістан - жауын-шашынсыз, кейде құмды дауыл. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с, екпіні 20 м/с дейін. Температура түнде +11…+13, күндіз +22…+24.

Орал - жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 5-10 м/с. Температура түнде 0…+2, күндіз +16…+18.

Атырау - аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 5-10 м/с. Температура түнде +6…+8, күндіз +18…+20.

Ақтау - кей уақытта жаңбыр және найзағай. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Температура түнде +10…+12, күндіз +18…+20.

Ақтөбе - аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 4-9 м/с. Түнде үсік -3°С дейін, күндіз +14…+16.

Қостанай - бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, екпіні 20 м/с дейін. Температура түнде 0…+2, күндіз +16…+18.

Петропавл - күндіз жаңбыр, найзағай. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с, екпіні 28 м/с дейін. Температура түнде 0…+2, күндіз +14…+16.

Павлодар - бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 9-14 м/с. Температура түнде +3…+5, күндіз +14…+16.

Семей - бұлтты, күндіз жаңбыр. Жел солтүстік-батыстан 7-12 м/с. Температура түнде +3…+5, күндіз +15…+17.

Өскемен - түнде жаңбыр, бұлтты. Жел солтүстік-батыстан 7-12 м/с. Температура түнде +3…+5, күндіз +15…+17.

Бұған дейін синоптиктер 16 және 17 сәуірде Қазақстан бойынша ауа райы қандай болатынын болжаған еді. Болжамға сәйкес, еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады деп күтіледі: жаңбыр, найзағай, бұршақ, ал түнде солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта және таулы аймақтарда жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама