Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

Фото:depositphotos.com

18 сәуір, жұмада Қазақстанда ауа райы тұрақсыз болады: бірнеше өңірде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, көктайғақ болуы мүмкін, кей жерлерде желдің екпіні 25 м/с дейін күшейеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

18 сәуір, жұмада Қазақстанда ауа райы тұрақсыз болады: бірнеше өңірде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, көктайғақ болуы мүмкін, кей жерлерде желдің екпіні 25 м/с дейін күшейеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана – құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз кейде жауын-шашын (жаңбыр, қар). Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9–14 м/с, таңертең және күндіз екпіні 15–20, кейде 23 м/с дейін. Түнде -1…-3°C, күндіз +6…+8°C.

Алматы – құбылмалы бұлтты, кейде жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан 3–8 м/с. Түнде +5…+7°C, күндіз +15…+17°C.

Реклама
Реклама

Шымкент – құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-шығыстан 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде +8…+10°C, күндіз +19…+21°C.

Ақтөбе – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 2–7 м/с, күндіз екпіні 12 м/с дейін. Түнде +2…+4°C, топырақ бетінде -2°C дейін үсік, күндіз +19…+21°C.

Ақтау – аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен 5–10 м/с. Түнде +9…+11°C, күндіз +20…+22°C.

Атырау – аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел түнде солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, 0–5 м/с, күндіз екпіні 5–10 м/с болады. Түнде +6…+8°C, күндіз +23…+25°C.

Көкшетау – құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, 9–14 м/с, таңертең және күндіз 15–20 м/с. Түнде -1…-3°C, күндіз +3…+5°C.

Қонаев – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с дейін. Түнде +5…+7°C, күндіз +16…+18°C.

Қостанай – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде -1…-3°C, күндіз +8…+10°C.

Павлодар – бұлтты, кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Жел солтүстік-батыстан 15–20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с дейін. Түнде -1…-3°C, күндіз +2…+4°C.

Петропавл – бұлтты, түнде жауын-шашын (негізінен қар), күндіз – жаңбыр мен қар. Көктайғақ. Жел солтүстік-батыстан 15–20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с дейін. Түнде -2…-4°C, күндіз +1…+3°C.

Семей – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 5–10 м/с, күндіз екпіні 15–18 м/с. Түнде +2…+4°C, күндіз +18…+20°C.

Талдықорған – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 5–10 м/с, күндіз екпіні 14 м/с дейін. Түнде +3…+5°C, күндіз +16…+18°C.

Түркістан – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кейде шаңды дауыл соғады. Жел солтүстік-шығыстан 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде +8…+10°C, күндіз +20…+22°C.

Орал – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 7–12 м/с. Түнде +5…+7°C, күндіз +21…+23°C.

Өскемен – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с. Түнде +2…+4°C, күндіз +18…+20°C.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама