Қазақстанда бұрынғы шенді полицейге іздеу жарияланды

Фото: qamqor.gov.kz

Қарағанды облысы Тергеу басқармасының бұрынғы басшысы Рустам Құлкеевке іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облысы Тергеу басқармасының бұрынғы басшысы Рустам Құлкеевке іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұрынғы шенді полицейді іздестіру туралы ақпарат Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында пайда болды. Іздеумен Қарағанды облысының Полиция департаменті айналысады.

qamqor.gov.kz

Реклама
Реклама

Еске салайық, Қарағанды облысы Тергеу басқармасының бұрынғы басшысы Құлкеев майнинг жабдықтарын ұрлап, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді. Аймақ полиция департаменті бастығының мәліметінше, Рустам Құлкеевпен бірге осы бөлімшенің тергеушісі іс бойынша күдікті. Қылмыстық істі ІІМ-нің жеке қауіпсіздік департаменті тексереді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама