ПОДЕЛИТЬСЯ
18 қаңтар 2022 | 17:59
Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны неге артқаны айтылды
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 20 есе артқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 20 есе артқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Ауру жұқтырғандар саны артуы, ең алдымен, халықтың ішкі және сыртқы белсенді көші-қонына, ұзақ мереке күндеріне байланысты. Сондай-ақ, елдегі толқулар да әсер етті. Омикрон - әдеттегі маусымдық вирус инфекциясы деген пікір бар. Бұл штамды қарапайым тұмау ретінде қабылдауға болмайтынын айтқым келеді.
Омикрон штамының ерекшелігі - жұқпалы болуы және қайта жұқтыру қаупінің жоғарылауы. Жұқтыру коэффициенті бірден беске дейін. Ол дельта нұсқасынан 70 есе жылдам көбейеді. Кейінгі тәулікте 9 700 жағдай тіркелген. Кейінгі айда коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі 20 есе өсті", - деді Тоғжанов ОКҚ брифингінде.
Ол пандемияның бүкіл кезеңінде мұндай жағдай тіркелмегенін айтты.
"Түркістан облысын қоспағанда, бүкіл ел "қызыл" аймақта орналасқан. Ауру деңгейі бойынша Нұр-Cұлтан, Алматы және Атырау облыстары көш бастап тұр. Егер желтоқсанның аяғында стационарларда 3 мыңнан аз адам ем қабылдаса, бүгінде бұл 7 мыңнан асты.
Емханаларда ем алатын науқастар саны да 4,8 есеге артты. Тек Нұр-Сұлтан қаласында стационарларда ем алатын адамдар саны 200 адамнан 1000-ға дейін, яғни бес есеге өсті. Бұл жағдай денсаулық сақтау жүйесіне үлкен жүктеме әкеледі", - деп түйіндеді Тоғжанов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также