Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандардың саны 9304-ке жетті
Тағы 335 қазақстандық коронавирус жұқтырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Осылайша елде науқастардың саны 9304-ке жетті.
Айта кетейік, аурудан 4613 адам айықты.
Өсім - 3,7 пайыз.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы - 78 (4,6 пайыз)Алматы қаласы - 77 (3,4 пайыз)Қарағанды облысы - 43 (6,5 пайыз)Шымкент қаласы - 38 (5,6 пайыз)Атырау облысы - 21 (2,3 пайыз)Батыс Қазақстан облысы - 20 (4,4 пайыз)Жамбыл облысы - 15 (4,4 пайыз)Шығыс Қазақстан облысы - 7 (10,6 пайыз)Қызылорда облысы - 7 (2,4 пайыз)Алматы облысы - 5 (1,7 пайыз)Түркістан облысы - 5 (1,5 пайыз)Ақтөбе облысы - 4 (1,4 пайыз)Қостанай облысы - 4 (3,1 пайыз)Маңғыстау облысы - 4 (2,3 пайыз)Павлодар облысы - 4 (2,1 пайыз)Солтүстік Қазақстан облысы - 3 (6,5 пайыз)Еске салайық, 26 мамырда Қазақстанда коронавирустан тағы екі адам қайтыс болғаны хабарланған. Олардың бірі Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны екені айтылады. Ер адам 1951 жылы туған. Ал екінші жағдай Қостанай облысында тіркелген - әйел адам 1965 жылы дүниеге келген. Осылайша елде коронавирустан қайтыс болғандардың саны 37-ге жетті.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Пікірлерді оқу