27 сәуір 2020 | 15:50

Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандармен байланыста болғандар саны 47 мыңға жетті

Сурет: Алихан Сариев

Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралу өсімі тұрақталып келеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралу өсімі тұрақталып келеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Республика бойынша өсім 4,5-8 пайыз. Жалпы бұл геометриялық прогрессия емес, орташа өсім болып саналады. Бірақ кей өңірлерде өсім 50 пайызға дейін байқалады.

Реклама
Реклама

Жалпы 682 адам сауығып, үйлеріне жіберілді. (...) Вирус жұқтырғандармен байланыста болғандарға мониторинг жүргізу бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Инфекция анықталған адамдардың әрқайсында байланыста болған жақыны немесе байланысуы мүмкін адамдар шеңбері бар. 47 839 адам тіркелді, оның 98,5 пайызы оқшауланды. Болжамдарға сәйкес, өсім тұрақтанып жатыр", - деді Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев.

Еске салайық, Қазақстанда 2791 адам коронавируспен ауырып жатыр, 25 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная