ПОДЕЛИТЬСЯ
28 шілде 2021 | 08:05
Қазақстанда COVID-19 жұқтыру дерегі көбейді
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 6 925 жағдайы тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 6 925 жағдайы тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарына сілтеме жасап.
"Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 27 шілдедегі эпидемиологиялық жағдай туралы: Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 6 925 жағдай тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 549 628-ге жетті", - делінген хабарда.
Оның ішінде:
- Нұр-Сұлтан қаласында - 1531,
- Алматы қаласында - 1250,
- Шымкент қаласында - 421,
- Ақмола облысында - 210,
- Ақтөбе облысында - 191,
- Алматы облысында - 220,
- Атырау облысында - 430,
- Шығыс Қазақстан облысында - 312,
- Жамбыл облысында - 137,
- Батыс Қазақстан облысында - 197,
- Қарағанды облысында - 920,
- Қостанай облысында - 213,
- Қызылорда облысында - 150,
- Маңғыстау облысында - 267,
- Павлодар облысында - 225,
- Солтүстік Қазақстан облысында - 134,
- Түркістан облысында - 117.
Айта кетейік, 26 шілдедегі жағдай бойынша ауру жұқтырудың 6 797 жағдайы тіркелген еді.
Сонымен қатар, Қазақстанда 5 096 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шыққаны хабарланды:
- Нұр-Сұлтан қаласында - 1331,
- Алматы қаласында - 1369,
- Шымкент қаласында - 377,
- Ақмола облысында - 148,
- Ақтөбе облысында - 175,
- Алматы облысында - 33,
- Атырау облысында - 276,
- Шығыс Қазақстан облысында - 0,
- Жамбыл облысында - 66,
- Батыс Қазақстан облысында - 242,
- Қарағанды облысында - 306,
- Қостанай облысында - 211,
- Қызылорда облысында - 152,
- Маңғыстау облысында - 154,
- Павлодар облысында - 64,
- Солтүстік Қазақстан облысында - 136,
- Түркістан облысында - 56.
Елімізде барлығы 457 098 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК вакцинация бойынша да есеп ұсынды: 2021 жылғы 27 шілдеде Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 5 230 750 адам, 2-компонентін 3 436 617 адам салдырды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также