07 желтоқсан 2020 | 17:51

"Қазақстанда COVID-19 науқастарына арналған концлагерьлер салынып жатыр". Желіде фейк хабарлама тарады

© Тұрар Қазанғапов

Желіде тағы бір фейк хабарлама тарады, - деп хабарлайды Stopfake.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Желіде тағы бір фейк хабарлама тарады, - деп хабарлайды Stopfake.kz.

Әлеуметтік желілерде тараған хабарламада елімізде коронавирус жұқтырғандар үшін арнайы лагерьлер салына бастағаны айтылады.

Реклама
Реклама

 

 

Портал мәліметінше, бұл фейк америкалық аналогтың калькасы болуы мүмкін.

Осы жылдың қараша айында желіде АҚШ-та ауруларды бақылау және алдын алу орталығының тапсырмасы бойынша коронавируспен ауыратын науқастарға арналған лагерьлер салынатыны туралы жаңалық шыққан.

Алайда америкалық фактчекерлер бұл теорияны бірден жоққа шығарды. Олардың айтуынша, ауруларды бақылау және алдын алу орталығы мұндай өкілеттіктерге ие емес және ешкім медициналық көмекке мұқтаж адамдарды лагерьлерде ұстамайды.


"Бұған қарамастан, Қазнеттің кейбір пайдаланушылары "жаңа әлемдік тәртіп" туралы хабарламалармен белсенді түрде бөліседі, тіпті еліміздің кейбір қалаларында концлагерьлер "салынып жатыр" деп хабарлайды. Қазақстанда ондай ештеңе салынып жатқан жоқ. COVID-19 айқын белгілері бар науқастар ауруханаларға жатқызылады. Толық жазылғаннан кейін пациенттер шығарылады", - деп жазады басылым.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная