Қазақстанда дәрігерлерге шабуыл жасайтындарға жаза күшейтілмек

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандарға жаза қатаңдатылатынына уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандарға жаза қатаңдатылатынына уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Медициналық қызметкерлер өз міндеттерін атқару кезінде оларға жасалған шабуылдар мен денсаулықтарына зиян келтіргені үшін жауапкершілікті күшейтуге қатысты нормаларды бүгін Бас прокуратура қолдады. Тиісті нормалар қазіргі уақытта мемлекеттік келісуден өтіп жатыр, оларды Денсаулық сақтау министрлігі бастамаға алды", - деді Әлназарова Мәжілісте өткен брифингте.

Шенеуніктің айтуынша, жаңа нормалар осы жылы қабылданады.

Реклама
Реклама

"Парламент депутаттарының қолдауымен, олар бұл норманы бізбен бірге талқылап, қолдап отыр. Ойлаймын, осы жылдың ішінде Қылмыстық кодекске тиісті бап енгіземіз. Бұл қызметтік міндеттерін атқару кезінде медициналық қызметкерлерге қатысты қандай да бір әрекет жасаған азаматтардың қылмыстық жауапкершілігін күшейту болады", - деп толықтырды министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама