Қазақстанда декларацияны қалай тапсыру керек: видео-нұсқаулық

Фото:depositphotos.com

Алматы Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан бойынша 250.00 нысаны бойынша салық декларациясын тапсыруға көмектесетін видео-нұсқаулық дайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан бойынша 250.00 нысаны бойынша салық декларациясын тапсыруға көмектесетін видео-нұсқаулық дайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2024 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда жалпыға бірдей декларацияның үшінші кезеңі басталды. Алғаш рет жеке кәсіпкерлер, олардың жұбайлары, заңды тұлғалардың басшылары, үлескерлер, құрылтайшылары, сондай-ақ олардың жұбайлары өзінің активтері мен міндеттемелерін көрсетеді.

Декларацияны электрон түрде салық төлеушінің кабинеті, "электрондық үкімет" порталы, e-Salyq Azamat, eGov мобильді қосымшасы арқылы, сондай-ақ банк қосымшалары арқылы беруге болады.

Реклама
Реклама

Декларация тапсырудың ыңғайлы жолы - e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы, онда декларацияны бірнеше минут ішінде толтыру және жіберуге болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама