13 тамыз 2021 | 11:37

Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Турар Казангапов

Демалыс күндері Қазақстанда күн салқындайды. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 14-16 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Демалыс күндері Қазақстанда күн салқындайды. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 14-16 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, антициклон Қазақстан аумағы арқылы жылжиды және енді оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс өңірлерде температураның төмендеуіне әкеледі.

"Оңтүстікте термометр бағандары күндіз 22...30 градусқа, оңтүстік-шығыста 17...25 градусқа, ал шығыста 15...25 градусқа дейін төмендейді. Бірақ солтүстік аймақтарда ауа райы аздап жылынады. Мұнда ауа температурасы 23...28 градусқа дейін көтеріледі. Қазақстанның батыс жартысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады. Иран аудандарынан жылы және құрғақ ауа массалары келіп, ауа температурасы 32...40 градус болады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная