19 қараша 2021 | 12:38

Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Синоптиктер Қазақстанда 20, 21 және 22 қарашада ауа райы қандай болатынын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер Қазақстанда 20, 21 және 22 қарашада ауа райы қандай болатынын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, 20 және 21 қарашада солтүстік-батыс суық антициклоны республиканың шығыс жартысында өзгеріссіз қалады, жауын-шашын болмайды деп күтіледі. Сонымен қатар, елдің батыс жартысында Атлант циклонның әсерінен ауа райы тұрақсыз болады.

"22 қарашада батыстан шығысқа қарай Атлант циклоны елдің көп бөлігін қамтиды, соған орай қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ, екпінді жел, солтүстік жартысында бұрқасын болады деп күтіліп отыр", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама
  • Батыста ауа температурасы түнде 2 градус аяз, 5 градус жылы, күндіз 0-10 градус жылы.
  • Елдің солтүстік-батысында аяз төмендеуі, ауа температурасының көтерілуі байқалса, солтүстігінде түнде 6-16 градустан 0-9 градусқа дейін, күндіз 0-9 градусқа дейін аяз болады.
  • Республиканың шығысы мен орталығында түнде 18-28 градустан 0-10 градусқа дейін аяз, күндіз аяз 5-15 градустан 5 градусқа дейін, сондай-ақ, 3 градусқа дейін жылы болады.
  • Оңтүстік өңірлерде түнде аяз 5-15 градустан 5 градусқа және 3 градус жылы ауа температурасына дейін, күндіз 0-10 градустан 5-15 градусқа дейін жылы болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная