15 шілде 2022 | 11:59

Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: elements.envato.com

Қазгидромет мамандары 16-18 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазгидромет мамандары 16-18 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, Қазақстанның көптеген өңірінде ауа райына оңтүстік циклон әсер етеді. Жаңбыр жауады, 16 шілдеде солтүстік-батыста, 16-17 шілдеде солтүстікте, 17 шілдеде республиканың шығысында найзағай ойнап, қатты жел соғып, жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін.

Демалыс күндері солтүстік-батыс антициклон жотасы еліміздің батысы мен оңтүстігіне ықпал етеді, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Елдің оңтүстігінде құмды дауыл күтіледі.

Реклама
Реклама

"Ауа температурасы: күндіз батыста +30+40 градус, солтүстік-батыста +25+40 градус, оңтүстік-батыста +36+45 градус, оңтүстікте +33+42 градус, оңтүстік-шығыста +20+35 градус болса, еліміздің солтүстігінде + 24+33 градустан +20+30 градусқа дейін, ортасында +27+38 градустан +23+33 градусқа дейін, шығысында +21+33 градустан +16+28 градусқа дейін төмендейді деп күтіледі", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная