23 қыркүйек 2022 | 12:43

Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазгидромет синоптиктері алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазгидромет синоптиктері алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік-батыс циклон Қазақстанның батыс өңіріне әсер етеді, содан кейін шығыс бағытқа және елдің қалған аумағына ауысады. Соның әсерінен жаңбыр жауады.

"25 қыркүйекте батыста, 26 қыркүйекте солтүстік-батыста және солтүстікте жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейіп, бұршақ жауады. Келесі аптаның басында Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын күтіледі. Қазақстанның оңтүстік-шығысында тек таулы және тау бөктеріндегі аудандарда өткінші жаңбыр жауады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, ауа температурасы төмендейді.

"Ауа температурасы республиканың басым бөлігінде төмендейді. Еліміздің батысында күндіз 22-33 градустан 9-22 градусқа дейін, солтүстік-батыста 25-32 градустан 10-23 градусқа дейін, солтүстікте 23-30 градустан 5-20 градусқа дейін, орталықта 22-32 градустан 20-28 градусқа дейін, Қызылорда облысында 30-35 градустан 17-25 градусқа дейін жылы болады. Елдің оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінде ауа температурасы 25-35 градус жылы болады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная