21 тамыз 2020 | 12:27

Қазақстанда демалыс күндері жаңбырлы болады

Сурет: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Алдағы үш күнде Қазақстанның барлық дерлік облысында жаңбыр болжанды, ол кей жерлерде қатты жауады, бұршақ болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидромет РМК орталығына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алдағы үш күнде Қазақстанның барлық дерлік облысында жаңбыр болжанды, ол кей жерлерде қатты жауады, бұршақ болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидромет РМК орталығына сілтеме жасап.

22-24 тамызда Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райын жоғары циклон анықтайды, онымен бірге жаңбыр, елдің батысы мен оңтүстік-батысында қатты жаңбыр күтіледі.

Реклама
Реклама

Тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде найзағай, тұман, дауыл, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. 

"Ауа температурасына келетін болсақ, айтарлықтай өзгерістер болмайды. Тек батыс және оңтүстік-батыс аймақтарда күндізгі температура 20-25 дейін, кей жерлерде 28 градусқа төмендеуі мүмкін", - делінген хабарламада.
 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная