ПОДЕЛИТЬСЯ
22 тамыз 2022 | 13:03
Қазақстанда дизель отынына дифтариф енгізілді
Қазақстанда тұрғылықты жеріне, тұтыну көлеміне және көлік түріне байланысты дизель отынына сараланған бағалар енгізілді. Энергетика министрлігі бұйрыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда тұрғылықты жеріне, тұтыну көлеміне және көлік түріне байланысты дизель отынына сараланған бағалар енгізілді. Энергетика министрлігі бұйрыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұйрыққа сәйкес мынадай маркалы бензин бағасы бұрынғы деңгейде қалады: Аи-80 - 89 теңге.
Аи-92 және Аи-93 маркалы бензин бағасы:
- Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында литріне 187 теңге,
- Қазақстанның басқа облыстарында литріне 182 теңге.
Дизель отынының бағасы литріне 450 теңге болады.
Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, сондай-ақ Абай облыстарында:
- Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде 1 тәулігіне 100 литрге дейінгі көлемде - 1 литр үшін 260 теңге;
- жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустарға Қазақстан Республикасында берілген көлік құралын тіркеу туралы куәлікті көрсеткен кезде 1 тәулігіне 300 литрге дейінгі көлемде - 1 литр үшін 260 теңге.
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау, сондай-ақ Жетісу, Ұлытау облыстарында:
- Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде 1 тәулігіне 100 литрге дейінгі көлемде - 1 литр үшін 230 теңге;
- жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустарға Қазақстан Республикасында берілген көлік құралын тіркеу туралы куәлікті көрсеткен кезде 1 тәулігіне 300 литрге дейінгі көлемде - 1 литр үшін 230 теңге.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также