Қазақстанда дизель отынына ерекше бақылау енгізілді

Қазақстанда дизель отынына ерекше бақылау енгізілді Фото:depositphotos.com

Қазақстанда шаруалар үшін дизель отынына түсті және цифрлық бақылау енгізілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстанда шаруалар үшін дизель отынына түсті және цифрлық бақылау енгізілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Егіс науқанына қанша отын бөлінді?

Жыл басында Энергетика және Ауыл шаруашылығы министрліктері егіс науқанына 402 мың тонна дизель отынын жеткізу кестесін бекітті.

Жарнама
Жарнама

Жеткізу 1 ақпан мен 30 маусым аралығында жүзеге асырылады. Дизель отынының ұсынылған бағасы өңірлердегі межелі станцияға дейін ҚҚС-ты есепке алғанда литріне 263 теңгені құрайды.

Соңғы құнды өңірлік операторлар белгілейді. Ол литріне 281 теңгеге дейін жетуі мүмкін, бұл орташа бөлшек сауда бағасынан шамамен 15 пайызға төмен.

Отын қалай бақыланады?

Шаруаларға дизель отынын бөлудің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жеке ПИН-кодтар мен цифрлық есеп енгізілді.

Бұдан бөлек, отынды сары, көк және қызыл түстерге бояу басталды. Сондай-ақ электрондық шот-фактуралар жүйесінде дизель отынының жеке виртуалды қоймасы құрылды.

Министрліктің мәліметінше, жаңа тетіктер отынды мақсатсыз пайдалану көлемін азайтуға мүмкіндік берді.

Дизель отынын нақты тұтыну көлемі 729 мыңнан 602 мың тоннаға дейін азайды. Төмендеу көрсеткіші 21 пайызды құрады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама