Қазақстанда доллар 9 теңгеге дейін қымбаттады

Қазақстанда доллар 9 теңгеге дейін қымбаттады Фото:depositphotos.com

Қазақстанда 13 шілдедегі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы белгілі болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 8,94 теңгеге көтеріліп, 477,11 теңге болды. Ұлттық банктің 13 шілдедегі ресми бағамы долларға 464,71 теңге деңгейінде белгіленген.

Алматыдағы ақша айырбастау пунктеріндегі доллардың орташа бағамы

Жарнама
Жарнама
  • сатып алу – 471,83 теңге;
  • сату – 474,65 теңге.

Астанадағы ақша айырбастау пунктеріндегі доллардың орташа бағамы

  • сатып алу – орташа есеппен 471,08 теңге;
  • сату – 478,08 теңге.

Еске сала кетейік, 1 шілдеден бастап Ұлттық банк "айналау" тетігін енгізді. Ол ірі біржолғы операциялардың орнына Ұлттық қордан валютаны кезең-кезеңімен сатуды көздейді. Ұлттық банк бұл шара бюджеттік трансферттердің валюта нарығына әсерін бәсеңдетуге, теңге бағамының динамикасын тұрақты етуге және бағамның күрт құбылуын болдырмауға мүмкіндік береді деп есептейді.

Тағы оқыңыз: “Қазір дағдарыс жоқ“: Ұлттық банк теңгені қолдау шарасын тоқтатады

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама