Қазақстанда доллар бағамы қандай?

Қазақстанда доллар бағамы қандай? Фото:depositphotos.com

Қазақстанда доллар бағамы 2 теңгеге арзандады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда доллар бағамы 2 теңгеге арзандады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 2,21 теңгеге төмендеп, 478,48 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 10 шілдедегі ресми бағамы - 480,77 теңге.

kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 478,00 теңгеге, ал сату бағамы 479,63 теңгеге тең. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 477,00 теңгеден сатып алынып, 481,98 теңгеден сатылып жатыр.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 9 шілдеде KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 3,94 теңгеге көтеріліп, 480,77 теңге болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама