Қазақстанда 22 қаңтардағы сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Казақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 505,71 теңге болып, 0,94 теңгеге төмендеді. Айта кетейік, Ұлттық банктің 22 қаңтарға белгілеген ресми бағамы – 506,70 теңге.
Kurs.kz деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттеріндегі доллар бағамы:
Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде:
- сатып алу – 505,52 теңге;
- сату – 507,79 теңге.
Астанадағы ақша айырбастау пункттерінде:
- сатып алу – орта есеппен 504,01 теңге;
- сату – 511,01 теңге.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!