Қазақстанда дүкендер мен супермаркеттерде ішімдік сатуға тыйым салу ұсынылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Қазақстанда дүкендер мен супермаркеттерде ішімдік сатуға тыйым салу ұсынылды. Үкімет сағатында ІІМ басшысы Ержан Саденов осындай мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда дүкендер мен супермаркеттерде ішімдік сатуға тыйым салу ұсынылды. Үкімет сағатында ІІМ басшысы Ержан Саденов осындай мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің сөзінше, алкоголь - елдегі криминоген жағдайға әсер ететін негізгі факторлардың бірі. Шенеуніктің айтуынша, жыл сайын мас күйде 10 мыңға дейін қылмыс жасалады.

ІІМ ішімдікті интернет арқылы сатуға толық тыйым салуды ұсынды. Одан бөлек:

Реклама
Реклама
  • ішімдікті тек арнайы дүкендерде сату ("алкомаркеттерде");
  • лицензия беру ережелерін қатаңдату және олардың санын шектеу ұсынылды.

ІІМ басшысы ойын-сауық орындарына арналған шектеу туралы да айтты:

"Ойын-сауық орындарында ішімдік сату уақытын шектеу қажеттілігі туындады. Мұндай нысандарда мас күйде 1 400-ден аса қылмыс жасалған, оның ішінде үшеуі - кісі өлтіру".

Алайда, Ержан Саденовтың айтуынша, кейбір мемлекеттік органдар бүгінде бұл тәсілдерді қолдамайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама