Қазақстанда екі Конституциялық заңға өзгерістер енгізілді

Астана Фото © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова

Парламент депутаттары екінші оқылымда бірқатар жаңа Конституциялық зады қабылдады. Оның бірі елорда мәртебесіне, екіншісі елдің аумақтық құрылымына қатысты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Парламент депутаттары екінші оқылымда бірқатар жаңа Конституциялық зады қабылдады. Оның бірі елорда мәртебесіне, екіншісі елдің аумақтық құрылымына қатысты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Елорда мәртебесі туралы заң

Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильяновтың сөзінше, Қазақстан астанасының мәртебесі туралы Конституциялық заңға түзетулер Астананы басқару жүйесін жетілдіру және қаланы одан әрі дамыту үшін жағдай жасау мақсатында қажет.

Жарнама
Жарнама

Бүгінде елорда - мемлекеттік органдардың, бизнестің, экономиканың және ірі инфрақұрылымның орталығы. Сондықтан оны дамыту үшін басқару мәселелерінде де, аумақтар мен қалалық ортаны дамытуда да кешенді тәсіл қажет.

15 мамырда заң жобасы Парламент палаталарының бірлескен отырысында бірінші оқылымда мақұлданды.

Екінші оқылымға дайындық барысында депутаттар мен бейінді комитеттер ұсыныстарды талқылап, бірқатар түзету енгізген.

Біріншіден, нормалардың бір бөлігі Қазақстанның жаңа Конституциясына сәйкес келтірілді.

Екіншіден, елорданың қала маңындағы аймағындағы жерлерді пайдалану ережелері нақтыланды. Оларды пайдалану тәртібін мәслихаттардың, қала мен облыс әкімдіктерінің, сондай-ақ агломерацияның жергілікті кеңесінің ұсыныстары негізінде үкімет айқындайтын болады.

Үшіншіден, елорданың жергілікті билік органдары - мәслихат пен әкімдіктің міндеттері мен өкілеттіктері нақтыланды.

Мәслихатқа елорданың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын, қала бюджетін және олардың атқарылуы туралы есептерді бекіту құқығы бекітіледі.

Сондай-ақ әкімдіктің жол жүрісін ұйымдастыру және транзиттік көліктердің қозғалыс схемаларын айқындау жөніндегі өкілеттіктері нақтыланады. .

Сонымен қатар қала құрылысы саясатын іске асыру және елорданың заманауи сәулеттік келбетін қалыптастыру үшін сәулет-қала құрылысы кеңесін құру ұсынылады.

Оның құрамына әкімдік өкілдері, сәулетшілер, тәуелсіз сарапшылар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ қалалық ортаның қолжетімді болуын қамтамасыз ету мақсатында мүгедектігі бар жандардың мүддесін қорғайтын мамандар кіреді.

Сондай-ақ депутаттар жекелеген нормаларды нақтылайтын және заң жобасының мазмұнын пысықтайтын басқа да түзетулер енгізді.

Әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы заң

Әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы Конституциялық заң жобасы 1 шілдеде күшіне енетін жаңа Конституция нормаларын іске асыру үшін әзірленді.

Құжат елдің әкімшілік-аумақтық құрылымының негізгі ережелерін айқындайды. Онда осы жүйенің ұғымдары, мақсаттары мен принциптері жазылған.

Сондай-ақ заң жобасы әкімшілік-аумақтық бірліктерді құру және тарату, олардың шекараларын өзгерту, есепке алу және тіркеу, сондай-ақ қалалардың, аудандардың және басқа да аумақтардың атауларын беру мен өзгерту кезіндегі мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін аражігін ажыратады.

Құжат авторлары Конституциялық заңды қабылдау елдің аумақтық құрылыс жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектеседі және мемлекеттік органдардың жұмысы үшін неғұрлым нақты құқықтық негіз жасайды деп санайды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама