ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 18 желтоқсан 2024 09:22
Қазақстанда екі судья жазаланды
Жоғарғы сот кеңесі жанындағы сот алқасы үш судьяға қатысты тәртіптік істерді қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Тыңдау нәтижесінде сот алқасы заңдылықты өрескел бұзғаны үшін екі судьяға ескерту жариялау түріндегі тәртіптік жаза қолданды.
"Бір судьяға қатысты тәртіптік іс оның жасаған тәртіптік теріс қылығының маңыздылығы аз болғандықтан тоқтатылды", - делінген хабарламада.
Сот алқасының шешімдері заңды күшіне енген жоқ, өйткені тәртіптік жазаға тартылған судьялар оларды Жоғарғы сот кеңесінде шағымдануға құқылы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу