26 мамыр 2021 | 10:03

Қазақстанда электрмобильдер кәдеге жарату алымынан босатылады

Иллюстрациялық фото: pexels.com

Қазақстанда электрмобильдер 4 маусымда кәдеге жарату алымынан босатылады. Бұл күні еліміздің Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің электр көліктеріне, электр автобустарына және электр жүк көліктеріне қатысты кәдеге жарату төлемін есептеуге нөлдік коэффициент қолдану туралы бұйрығы күшіне енеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Kolesa.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда электрмобильдер 4 маусымда кәдеге жарату алымынан босатылады. Бұл күні еліміздің Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің электр көліктеріне, электр автобустарына және электр жүк көліктеріне қатысты кәдеге жарату төлемін есептеуге нөлдік коэффициент қолдану туралы бұйрығы күшіне енеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Kolesa.kz сайтына сілтеме жасап. 

Электрмобильдерге арналған кәдеге жарату алымының мөлшерлемесін нөлге түсіру туралы ұсынысты "ӨКМ операторы" 2020 жылы ұсынған болатын. Ол пысықталып, талқыланғаннан кейін биыл 13 мамырында Экология министрлігінің басшысы бұйрыққа қол қойды. 4 маусымда құжат күшіне енеді. Енді Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін немесе өндірілетін электрмобильдерге, электр автобустар немесе электр жүк көліктеріне кәдеге жарату алымын төлеу талап етілмейді.

Бұған дейін М1 санатындағы электр қозғалтқышы бар автомобиль үшін кәдеге жарату төлемі 437 550 теңге, ал М2, М3 санаты үшін - 1 166 800 теңге болған. Жүк көліктері үшін кәдеге жарату алымының мөлшері 1 020 950 теңгеден басталды.

Реклама
Реклама

Автомобиль бизнесі қауымдастығының ақпараты бойынша, бүгінде Қазақстанда 422 электрмобиль тіркелген. Экология министрлігінің пайымдауынша, кәдеге жарату төлемін жою Қазақстанда электравто өндірісін ынталандыруға, сондай-ақ экологиялық таза көлік құралдарын сатып алуға сұранысты арттыруға мүмкіндік береді.

Еске салайық, бүгінде Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан-Бурабай тасжолында 103 жүрдек электр май құю станциясын орнату аяқталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная