Қазақстанда электрсамокатпен жолдар мен тротуарларда жүруге тыйым салынуы мүмкін

Қазақстанда электрсамокатпен жолдар мен тротуарларда жүруге тыйым салынуы мүмкін pixabay.com

Қазақстанда электрсамокат, гироскутер, монодөңгелектер мен сегвейлердің иелеріне жолдарда, тротуарларда және жаяу жүргіншілер өткелдерінде жүруге тыйым салынуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда электрсамокат, гироскутер, монодөңгелектер мен сегвейлердің иелеріне жолдарда, тротуарларда және жаяу жүргіншілер өткелдерінде жүруге тыйым салынуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұсынылған өзгерістер Мәжілісте орналасқан жол қозғалысы мәселесі бойынша түзетулер пакетіне енгізілді ("Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол қозғалысы мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы").

"Жол қозғалысы туралы" заңның 1-бабына электрсамокаттар мен соған ұқсас басқа көлік құралдарының түсінігін анықтайтын норма енгізу жоспарланып отыр.

Реклама
Реклама

Электрсамокат, монодөңгелек, гироскутер, сигвей және осыған ұқсас басқа да құралдарды жеке қозғалмалы құрылғыларға (шағын электр көліктері) - жеке қозғалысқа арналған, электр қозғалтқышымен жабдықталған және құзырлы органда тіркеуге жатпайтын құрылғылар ретінде жіктеу ұсынылды. 

57-бапқа қосу ұсынылды:

4. Жеке қозғалмалы құрылғылардың (шағын электр көліктері) жүргізушілеріне:
1) велосипед жолдарынан басқа жолда, тротуарда, жаяу жүргіншілер өткелдерінде қозғалуға;
2) жолаушылар тасымалдауға;
3) ұзындығы мен ені бойынша құрылғыдан елу сантиметрден асатын жүктерді немесе басқаруға кедергі келтіретін жүктерді тасымалдауға;
4) мопедтер мен велосипедтерді, сондай-ақ жеке қозғалмалы құрылғыларды (шағын электр көліктері) тартуға тыйым салынады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама