26 шілде 2022 12:52

Қазақстанда электрсамокаттарға қатысты жаңа шектеу енгізіледі

Дина Шарипханова Корреспондент

Қазақстанда электрсамокат тебетіндерге жас шектеуін енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Электрсамокат жүргізу үшін жүргізуші куәлігінің болуы талап етілмейді. Электрсамокатпен жолға, велосипед жолына немесе қоғамдық көлік жолағына және жаяу жүргіншілерге арналған жолаққа шығатын жүргізушінің жасы 16-да болуы міндетті шарт болады", - деді Мұраталиев Facebook желісіндегі онлайн брифингте.

Сондай-ақ, оның айтуынша, электрсамокат түнде анық көрінетіндей жарық немесе жарық шағылыстырғыш жолақтармен жабдықталуы керек.

Реклама
Реклама

Мұраталиевтің айтуынша, биыл "Жол қозғалысы туралы" заңға, жол жүру ережелеріне, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram