01 наурыз 2023 | 17:23

Қазақстанда елорда күніндегі демалыс күндері ұзартылуы мүмкін

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда 2023 жылы елорда күніндегі демалыс күндерін ұзарту ұсынылды. Үкімет қаулысының жобасы "Ашық НҚА" сайтында пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда 2023 жылы елорда күніндегі демалыс күндерін ұзарту ұсынылды. Үкімет қаулысының жобасы "Ашық НҚА" сайтында пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаулыда демалыс күнін 2023 жылғы 1 шілдедегі сенбіден 2023 жылғы 7 шілдедегі жұмаға ауыстыру ұсынылды. Осылайша, демалыс күндері ұзарады.

Түсіндірме жазбада бұл ұсыныс мереке күндері, сондай-ақ демалыс күндері жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында жасалғаны атап өтілген. Сонымен қатар, жобаны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржы ресурстарын талап етпейтіні және жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайтыны көрсетілген.

Реклама
Реклама

Демалыс күндерін елорда күніне ұзарту Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен көтерілді. Құжат жобасы 2023 жылдың 15 наурызына дейін қоғамдық талқылауда болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная