04 сәуір 2023 | 10:11

Қазақстанда ең төменгі жалақы жаңа әдістеме бойынша анықталады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушы Тамара Дүйсенова ең төменгі жалақыны (ЕТЖ) жаңа әдіспен есептеу жоспарланып отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушы Тамара Дүйсенова ең төменгі жалақыны (ЕТЖ) жаңа әдіспен есептеу жоспарланып отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ең төменгі жалақыны анықтаудың жаңа әдістемесін әзірлеу бойынша жұмыстар аяқталып жатыр. Қазіргі уақытта министрлік Дүниежүзілік банк сарапшыларымен бірлесіп, ең төменгі жалақы мөлшерін анықтау әдістемесі жобасын дайындады", - деді Дүйсенова Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, ең төменгі жалақы мөлшері орташа жалақы мен еңбек өнімділігіне қарай белгіленеді.

Реклама
Реклама

"Бұл тәсіл қызметкерлердің кірісі мен өндірілген тауарлар, жұмыстар мен қызметтер көлемі арасындағы нақты байланысты орнатуға мүмкіндік береді. Бүгінде әдістеме жобасы мүдделі мемлекеттік органдар және әлеуметтік серіктестермен келісіліп жатыр", - деді Тамара Дүйсенова.

Ол 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін Еңбек кодексіне әдістемені заңнамалық тұрғыдан бекіту бойынша тиісті түзетулер әзірленетінін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная