Қазақстанда енді екі номиналдағы монеталар шығарылмайды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Қазақстанда 1 және 2 теңгелік монеталар енді шығарылмайды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда 1 және 2 теңгелік монеталар енді шығарылмайды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық банк басшысы бұл шешім мұндай ұсақ номиналды монеталарды шығару шығындарының орынсыздығына байланысты қабылданғанын түсіндірді.

"Біз оны (1 теңгені – еск.) басып шығарудың орынсыз екеніне келісеміз, сондықтан базалық жоспарымыз мынадай: айналымда бар монета айналымда қала береді, бірақ жаңасын шығару жоспарда жоқ. 2 теңгелікке де қатысты осылай", – деді Сүлейменов Сенат кулуарында.

Реклама
Реклама

Ол айналымда жүрген монеталардың айналымнан алынбайтынын, бірақ жаңаларын шығаруға қаражат бөлінбейтінін атап өтті.

"Айналымда жүрген – қалтада, басқа жерде жүрген монеталар – түсінікті, оларды айналымнан алмаймыз. Бірақ жаңасын жасауға ақша жұмсамаймыз", – деп қорытындылады Ұлттық банк басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама