Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді - Мамин

Фото: primeminister.kz

2 тамызда аяқталатын карантин режимі кезінде Қазақстан эпидемиологиялық жағдайды тұрақты ете алды. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2 тамызда аяқталатын карантин режимі кезінде Қазақстан эпидемиологиялық жағдайды тұрақты ете алды. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысында коронавирус инфекциясымен күрес шаралары және елдегі эпидемиологиялық жағдай талқыланды. 2020 жылғы 2 тамызда аяқталатын карантин режимі кезінде Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайды тұрақты және медициналық ұйымдардың жүктемесі айтарлықтай азайды. Сондай-ақ аймақтарда дәрілердің қажетті қоры құрылғаны хабарланды.

"Бізге қазіргі эпидемиологиялық жағдай көрсеткіштерін жақсарту керек. Бүгін Денсаулық сақтау министрлігі карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастауды ұсынды. Осы айдағы жағдайды ескере отырып, біз бұл жоспарды мемлекеттік комиссия отырысында қараймыз және тиісті шешім шығарамыз", - деді Асқар Мамин.

Реклама
Реклама

Елімізде аурудан айыққандардың саны 63 пайыздан артты. Тәулік сайын жұқтыратындардың көрсеткіші 4 пайыздан 1,7 пайызға, стационарларда төсек-орын 46 пайызға дейін, жедел жәрдем шақыру 38 пайыз төмендеді.

Еске салайық, бүгін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 3 тамыздан бастап карантин шараларын жеңілдетуді ұсынды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама