03 маусым 2020 | 09:13

Қазақстанда ешқандай қос билік жоқ - Тоқаев

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правда" газетіне берген сұхбатында сабақтастық туралы атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правда" газетіне берген сұхбатында сабақтастық туралы атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев - тарихи масштабтағы тұлға, заманауи Қазақстанның негізін қалаушы. Жақында (6 шілдеде) оның 80 жас мерейтойын атап өтеміз. Әрине, оның халық үшін атқарған және халықаралық қауымдастық алдындағы еңбегі туралы айтамыз. Біз үшін оның тарихи және саяси мұрасын сақтау маңызды, бұл Қазақстан мемлекетінің нығаюы үшін керек. Сондықтан менің сайлауалды платформамның алғашқы пункті сабақтастық деп аталды", - деді Тоқаев.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, қазіргі ауыр жағдайда Назарбаев дағдарыстан тез шығу, жаңа экономика құру және азаматтарға материалдық қолдау көрсету туралы курсын қолдаған.

"Ешқандай қос билік жоқ. Бұл туралы Нұрсұлтан Әбішұлының өзі де бірнеше рет айтып, қазіргі президентті қолдап, бірігуге шақырды", - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная