Қазақстанда ет қымбаттай ма? Ауыл шаруашылығы министрлігі жауабы

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы Қазақстанда ет қымбаттай ма деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы Қазақстанда ет қымбаттай ма деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша, былтыр Қазақстанда 1,1 миллион тоннадан астам сиыр және қой еті өндірілген, бұл елдің ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз етеді.

"Былтырғы қорытынды бойынша, ет өндірісі шамамен 4 пайызға, оның ішінде сиыр еті 2 пайыздан астамға өсті. Бұл шаралар халықты етпен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, сондықтан өндіріс көлеміне байланысты ет бағасының өсуіне әсер ететін факторларды әзірге байқамаймыз", – деді Кенжеханұлы Сенат кулуарында.

Реклама
Реклама

Шенеуніктің айтуынша, бұған дейін ет бағасының өсуіне Өзбекстан тарапынан жоғары сұраныс әсер еткен.

"Бірақ соңғы бір аптада баға тұрақталды, әрі қарай факторларды (қымбаттау - еск.) әзірге болжап отырған жоқпыз. Қазіргі уақытта мал өсірушілерге айналым қаражаты үшін 5 пайыздық жеңілдетілген қаржыландыру қарастырылып жатыр. Бұл шара елдегі ет өндірісін қосымша ынталандыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта сиыр етінің орташа бағасы келісіне 2700-3000 теңге шамасында", – деп толықтырды вице-министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама