30 сәуір 2024 17:26

Қазақстанда ЭЦҚ форматы өзгерді: нені білу керек?

Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

30 сәуірде Қазақстан криптографиялық стандартқа көшеді, оған сәйкес электрон цифрлық қолтаңба форматы өзгереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық куәландырушы орталығына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

30 сәуірде Қазақстан криптографиялық стандартқа көшеді, оған сәйкес электрон цифрлық қолтаңба форматы өзгереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық куәландырушы орталығына сілтеме жасап.

Өзгерістер бойынша, ЭЦҚ-ның бір кілтіне көшу, яғни жеке және заңды тұлғаларға ҚР СТ МЕМСТ Р 34.10 – 2015 (МЕМСТ 2015) алгоритмінде ЭЦҚ-ның бір кілті беріледі, ол аутентификация үшін де, қол қою үшін де пайдаланылады.

Заңды тұлғалардың пайдалануына арналған ЭЦҚ кілттерінің мынадай талап етілмеген түрлерін қолжетімді тізімнен алып тастау жоспарланған:

Реклама
Реклама
  • "Қаржылық құжаттарға қол қою құқығы бар қызметкер";
  • "Кадр бөлімінің қызметкері".

Бүгінде ҚР ҰКО ашық және жабық кілттерін туындату RSA және МЕМСТ 34.310-2004 алгоритмдерінде жүргізіледі. Бұл ретте ақпараттық технологиялар мен криптографиялық талдау әдістері үздіксіз дамуда, осыған байланысты ҚР ҰКО МЕМСТ 2015 жаңа мемлекетаралық криптографиялық стандартына көшуді жүзеге асыруды жоспарлап отырғаны айтылды.

"Жаңа МЕМСТ 2015 алгоритмін қолдау жаңартылған NCALayer арқылы қамтамасыз етіледі. Жаңа нұсқа шыққаннан кейін, қолданба автоматты түрде пайдаланушыға NCALayer жаңартуды ұсынады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram