ПОДЕЛИТЬСЯ
12 қазан 2021 | 17:14
Қазақстанда газбен жүретін автомобильдер 2,5 есе көбейді
Энергетика Вице-министрі Әсет Мағауов Қазақстанда газбен жүретін автомобильдер саны өскенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Энергетика Вице-министрі Әсет Мағауов Қазақстанда газбен жүретін автомобильдер саны өскенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Сұйытылған газ өндіру жылына 3,2 миллион тоннаны құрайды. Оның бір жарым миллионы экспортқа шығарылады. Бұл ретте министрлік сұйытылған газды тұтынуға талдау жасады. Біз автокөліктер санының жыл сайын айтарлықтай өсетінін көріп отырмыз. 2019 жылы автокөліктер саны 139 мың, 2019-2021 жылдары ол шамамен 313 мыңға, яғни 2,5 есеге өскен. Бұл сұйытылған газ бағасының бензинге қарағанда екі-үш есе арзан болуымен байланысты болуы мүмкін", - деді Әсет Мағауов ОКҚ брифингінде.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также