ПОДЕЛИТЬСЯ
03 желтоқсан 2024 | 11:31
Қазақстанда геологиялық барлаудың инновациялық әдістері енгізіліп жатыр
Қазақстанда геологиялық барлаудың инновациялық әдістері енгізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда геологиялық барлаудың инновациялық әдістері енгізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында Қазақстанда геологиялық барлаудың озық әдістері белсенді енгізіліп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, солардың бірі – аэрогеофизикалық зерттеулер, ол жер қойнауының құрылымы туралы сапалы заманауи ақпарат беретін және жер қойнауын барлауға инвестиция тарту үшін қажетті деректер көзі болып саналады.
"Пилоттық жоба Қазақстанның перспективалы өңірлерін, соның ішінде Солтүстік Балқаш және Қалба-Нарым аймағын қамтиды. Геологиялық деректерді цифрландыру бойынша одан әрі жұмыс жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, ақпаратты өңдеудің инновациялық әдістерін қолдануды көздейтін жеке жоба шеңберінде жоспарланған".
Жасанды интеллектіні қолдану еліміздің геологиясы туралы жинақталған ақпаратты тез және тиімді пайдалануға және еліміздің болашағын анықтау үшін деректерді талдауға мүмкіндік береді.
"Сондай-ақ осы жылдың мамыр айында "Тау-Кен Самұрық" пен Ivanhoe қатысуымен бірлесіп геологиялық барлау жүргізу үшін ынтымақтастық туралы келесім жасалды. Бірлескен жұмыс кезінде Қазақстанда мыс, алтын, күміс кен орындарын 1,5 шақырым тереңдікте анықтай алатын Typhoon технологиялары пайдаланылатын болады", - деді Қанат Шарлапаев.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также