24 шілде 2020 09:55

Қазақстанда гуманитарлық көмек қабылдау тәртібі жеңілдеді

Қазақстанда гуманитарлық көмек қабылдау тәртібі жеңілдетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда гуманитарлық көмек қабылдау тәртібі жеңілдетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жеңілдету туралы бұйрыққа СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Арман Шаққалиев қол қойды. Ол медициналық мақсаттағы бұйымдардың, атап айтқанда, жасанды тыныс алдыру аппараттарының, пульс оксиметрлерінің, сынап және байланыс термометрлерінің медициналық орталықтарға, емханаларға, ауруханаларға кідіріссіз жеткізілуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Реклама
Реклама

"Енді бұл процедура едәуір жеңілдетілді, атап айтқанда гуманитарлық көмек ретінде әкелінген жүкті Мемлекеттік өлшеу құралдарының тізіліміне тіркемеуге рұқсат етілді. Бұл шара пандемия жағдайында уақытша жасалды", - деді министрліктің баспасөз қызметі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram