24 тамыз 2022 | 12:26

Қазақстанда ғылыми кадрлар жетіспейді - министр

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстанда ғылыми кадрлардың жетіспеушілігі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстанда ғылыми кадрлардың жетіспеушілігі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, университеттер ғылыми кадрлардың қайнар көзіне айналуы тиіс.

"Қазір бізде ғылыми кадрлар жетіспейді. Тәуелсіздіктің басында 52 мыңға жуық ғалым болса, 35 мың ғылыми қызметкерден айырылдық. Қазір ғылыми-зерттеу институттары мен университеттер базасында 22 мың ғылыми қызметкер жұмыс істейді. Біздің ендігі міндетіміз - жастарды ғылымға тарту", - деді министр.

Реклама
Реклама

Саясат Нұрбек ғылымды қаржыландырудың форматтары мен үлгілерін қайта қарау туралы да айтты.

"Біз ғылымға ақша жұмсаймыз. Ұлттық кеңестер арқылы гранттар ұйымдастырамыз. Бірақ негізгі сұрақ: осы ғылыми гранттардың барлығының нәтижесі қандай?

Бұл жердегі негізгі реформа бұл - біздің ғылымның барынша қолданбалы сипаты. Кез келген ғылыми-зерттеу нақты мәселені шешуі керек", - деп түсіндірді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная