Қазақстанда ХҚКО жұмысы өзгереді

Қазақстанда ХҚКО жұмысы өзгереді Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ХҚКО) жұмысы өзгереді. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары - цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ХҚКО) жұмысы өзгереді. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары - цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәдиевтің айтуынша, қазақстандықтар ХҚКО-ға сирек баратын болған: былтыр офлайн клиенттер саны 13 пайызға азайды. Бұған көптеген құжаттардың бүгінде онлайн қолжетімді болуы себеп.

"Биылғы бірінші тоқсанда біз (келушілер санының - еск.) 30 пайыздан астам төмендегенін көріп отырмыз. Жыл аяғына дейін ХҚКО-ға келушілер саны кемінде 50 пайызға азаяды деп күтіп отырмыз", - деді Жаслан Мәдиев сенат кулуарында.

Реклама
Реклама

Журналистер министрден "Қазақстанда ХҚКО-ларды мүлдем жауып тастау жоспары бар ма?" деп сұрады.

"Біз аумақтың бөлінуі (схема бойынша - ред. еск.) 70-20-10 болады деп болжап отырмыз. Мұнда алаңның 70 пайызы өзіне-өзі қызмет көрсету аймағына бөлінеді. Онда азаматтар қызметті терминалдар арқылы өз бетінше алуды үйренуі үшін кеңестер беріледі. Осылайша оларда қызметті онлайн алу дағдысы қалыптасады және біраз уақыттан кейін олар ХҚО-ға мүлдем келмейтін болады", - деп түсіндірді вице-премьер.

Оның сөзінше, ХҚКО алаңының тағы 20 пайызы қазақстандықтар менеджерлердің көмегімен мемлекеттік қызметтерді алатын аймақтарға бөлінуге тиіс. Қалған 10 пайызы оқу аймағына арналады: онда eGov құралдарын пайдалану жолдары үйретіледі.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама