ПОДЕЛИТЬСЯ
18 наурыз 2022 | 19:26
Қазақстанда импорттық кеден баждары АҚШ долларымен есепке алынады - үкімет
Қазақстан Республикасына жиналатын импорттық кеден баждары бұрынғыдай АҚШ долларымен бөлінеді және есепке алынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің Telegram-арнасына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан Республикасына жиналатын импорттық кеден баждары бұрынғыдай АҚШ долларымен бөлінеді және есепке алынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Үкімет мүшелерінің сөзінше, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта мүше мемлекеттердің бір-бірінің бюджетіне импорттық кедендік баждарды жинау және өзара аудару бойынша міндеттемелері көзделген. Бұл тетік әрбір мемлекетте біркелкі және мынадай негізгі кезеңдерді қамтиды: үшінші елдерден келіп түсетін тауарлардан ұлттық валюталарда импорттық баждардың сомаларын жинау; импорттық баждардың келіп түскен сомаларын белгіленген коэффициенттерге сәйкес бөлу, оны АҚШ долларына айырбастау және оларды кейіннен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге жіберу.
"Ресей Федерациясына салынған санкцияларға байланысты мүше мемлекеттердің кедендік әкелу баждарын Ресей Федерациясы мен Беларуське доллармен аударуы мүмкін емес", - делінген хабарламада.
Келіссөздер қорытындысы бойынша қазақстандық нұсқа қолдау тапты: Ресей Федерациясына және Беларусь Республикасына кедендік әкелу баждарын есепке алу және бөлу үшін Ұлттық жөнелтуші банктердің бағамы бойынша Ресей рублі пайдаланылады.
Қазақстанға, сондай-ақ Арменияға және Қырғыз Республикасына жиналатын импорттық кедендік баждар бұрынғыдай, АҚШ долларымен бөлінеді және есепке алынады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также