18 қаңтар 2022 | 12:03

Қазақстанда инфляцияны қалай тоқтату жоспарланып отыр? Министр жауап берді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдегі инфляцияны бақылау жөніндегі тапсырмасы қалай жүзеге асырылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдегі инфляцияны бақылау жөніндегі тапсырмасы қалай жүзеге асырылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында үкімет мынадай шаралар қабылдаған: 

  • коммуналды қызметтер тарифтері тоқтатылды;
Реклама
Реклама
  • Қазақстан Республикасы аумағынан кейбір тауарларды әкетуге тыйым салынды;
  • жанармайға шекті баға белгіленіп, бензин, дизель отынын және мұнай өнімдерінің кейбір түрлерін әкетуге 6 ай мерзімге тыйым салынды.

Министр тауарлардың қолжетімділігін қамтамасыз ету, бағаны реттеу, мемлекеттік бақылау шараларын енгізу, сондай-ақ, инфляцияны тоқтату бойынша бірқатар шараларды айтты.

"Бірінші бағыт көктемгі егіс жұмыстарына бөлінетін қаржы көлемін ұлғайтуды, АӨК субсидиялау тетігін жетілдіруді, бірқатар салада импорттық жобаларды іске асыруды және басқа да іс-шараларды қамтиды.

Екінші бағыт көмір бағасы өсуіне жол бермеуді, коммуналды қызметтерге бағаны көтеруге мораторийді, шекті бағалар болжамын айқындауды қамтиды.

Үшінші бағыт нарықтағы баға бақылауының нәтижелері бойынша монополияға қарсы шаралар қабылдауды, мұнай және мұнай өнімдері нарығындағы делдалдық қызметті қысқартуды және биржалық сауданы дамытуды қамтиды", - деп толықтырды ҰЭМ басшысы.

Оның айтуынша, жүйелі шаралар аясында ауыл шаруашылығы өнімдері мен басқа да азық-түлік тауарларының негізгі түрлерін тұтыну мен өндіру болжамын жасау, бақылау нәтижелері бойынша жедел шаралар қабылдау жоспарланып отыр.

"Қабылданған шараларды іске асыру нәтижесінде инфляцияны тауар тапшылығына жол бермей, мақсатты деңгейде ұстап тұру жоспарланып отыр. Мемлекет тарапынан қолдауға қол жеткізудің тиімділігі мен ашықтығын арттыру мақсатында агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау жүйесі қайта қаралады. Қабылданып жатқан шаралар бағаны біртіндеп тұрақтандыруға, бизнес ахуалды, оның ішінде инвестициялық ахуалды жақсартуға ықпал етеді", - деп мәлімдеді министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная